117
Таңдаулы діни өлеңдер
Аллаға мадақ
Құдіретіңе бағындым,Алла,
Өзіңе ғана табындым, Алла.
Адасып жүріп қалың тұманда,
Жолымнан талай жаңылдым, Алла.
Қарызын өтей алар ма екенмін?
Уайымсыз жастық шағымның, Алла.
Отыздан жасым асқанда барып,
Құлшылық еттім, қабыл қыл, Алла!
Бойдағы иман, сабырым , Алла,
Өзіңнен алған тағылым, Алла,
Еске алмай сені өткізген күннің,
Мен үшін қазір бәрі мұң, Алла.
Қапас кеудемді нұрға бөледі,
Жүрекке түскен жарығың, Алла.
Нығметіңді сезінген сайын,
Құдіретіңді таныдым, Алла!
Айды нұр, Күнді шам қылған, Алла,
Шеберлігімен таң қылған, Алла.
Жерді төсеніш, Түнді көрпе ғып,
Ұйықтатып демді алдырған, Алла.
Ілгексіз, жіпсіз сансыз жұлдызды,
Аспанға қадап, жандырған, Алла.
Бір тамшы ғана ұйыған қанмен,
Біздерді жоқтан бар қылған, Алла!
Кемел нұрыңа кенелдір, Алла,
Саған тән барлық шеберлік, Алла.
Жұмақта Кәусәр бұлаққа апарар,