Previous Page  116 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 116 / 256 Next Page
Page Background

116

Жұматай Оспанұлы,

Талдықорған қаласы.

ЖҰМАДАН ҚАЛМА

Ақыретіңді ойласаң Жұмадан қалма,

Қасиетін айт Жұманың сұраған жанға.

Қу дүниеге құл болып кетуден сені,

Құлшылық қана құтқарар мына жалғанда.

Үмітің болса, Жұмақтан Жұмадан қалма,

Өткінші өмір өйткені сынақ адамға.

Намазың қорған болады ең алдыменен,

Нәңкір мен Мүңкір қабірде сұрақ аларда.

Қиямет күні сөз таппай тұралағанда,

Рахым күтсең Алладан Жұмадан қалма.

Ертегі емес, ешқандай ертеңің үшін,

Тура жол көрсетіп тұр ғой Құран адамға.

Өлгенге емес, арналған тірі адамдарға,

Құранға күмән келтіріп, күнаға барма.

Алла алдында бәрі де жауап береді,

Бай мен кедей де, надан мен ғұламалар да.

Жан қиналғанда су таппай сұрап аларға,

Тозақтың қорықсаң отынан Жұмадан қалма.

Тіршілігіңді өткізсең құлшылықпенен,

Жұмақтың нағыз төріне шығарды Алла!

Өмір мен өлім алмасқан мына заманда,

Өлместің тапқан дәрісін бір адам бар ма?

Бес уақыт намазыңның қайнар бұлағы,

Жұмадан қалма, бауырлар Жұмадан қалма!