

120
Аллаға мадақ
Адам татар өзіне бұйырғанын.
Алланың шеберлігін сезген шақта,
Ішімнен оқылады жыр-иманым.
Сөзіме біреу сенбей, біреу сенер,
Ақырзаман болғанда бәрі өлер.
Он сегіз мың ғаламды жаратушы,
Бәрінен құдіретті Алла шебер!
Адамзаттан артық
туған Пайғамбар
Дүниеде өмір сүру - еркіміз,
Таусылмайды тіршілікте дертіміз.
Сабыр сақтап, ізгілікке бастайтын,
Көркем мінез көбіміздің көркіміз.
Парасатпен теңдей ұстап ақылды,
Хақ жолына салды талай пақырды.
Адамзаттан артық туған Пайғамбар,
Үмбеттерін тура жолға шақырды.
Хадистері Пайғамбардың өнеге,
Білмегендер Алла ісіне сене ме?
Сезіміңді билеп алар әр ісі,
Имандылық нұрын құйып денеге.
Мақтасақ біз, Пайғамбарды мақтайық,
Дін Исламға кінә тағып жатпайық.
Орындамай Пайғамбардың уағызын,
Көп күнәға белшемізден батпайық.