124
Аллаға мадақ
Мұңайтқан да күлдірген,
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Жыл мезгілін тең бөлген,
Әр айға бөлек өң берген, ...
Суы мен буын теңгерген,
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Жаудырған жауын көктерден,
Жан берген жерге көктемнен,
Көктеткен небір көкті еммен,
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Тау басына көл салған,
Көкте құсқа жол салған,
Жазыққа ылди, өр салған,
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Кез келген жан өрмеген,
Білімді білген зердемен
Су астын бөлген ердемен,
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Болсын деп жаһан саламат,
Мұз дала жайған ғаламат,
Һүкүмдар, жалғыз, дана, хақ
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,