130
Аллаға мадақ
Тозақ пенен Жәннаттан,
Жіберіп елші біздерге,
Тура жолын танытқан.
Ажыратып білсін деп,
Жасандыны анықтан.
Қамын ойлап құлының,
Мейрімін шексіз танытқан.
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Не нәрсені қаласа,
«Бол» деуменен болдырған,
Мынау фәни дүниеге,
Біздерді қонақ қылдырған,
Сынайын деп көмеспен,
Бет пердені қойдырған.
Сынау үшін Нәпсімен,
Шегімізді толтырған.
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше –
Жауғызып жаңбыр,
Жерден ризық өсірген.
Жылды бөліп төрт мезгіл,
Кезегімен көшірген,
Жарқыраған ақ таңын,
Қараңғы түнмен өшірген,
Жайқалған жазғы бақшаны,
Қара күзбен өлтірген,
Сарғайған күзгі даланы,
Ақ ұлпамен көмкерген.
Сықырлаған аязбен,