Previous Page  132 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 132 / 256 Next Page
Page Background

132

Айдаров Асқарбек,

Тараз қаласы.

Мәңгіліктің базары

Шеберлік шыңы – Адамды жоқтан бар еттің,

Екіге бөлдің, рухыңды жарып жар еттің.

Бақытым – барым, арманым – арым, ұжданым,

Талайым – таным, ерлігім – еңбек,.. тал ектім.

Аңсаудың күші – түңлігін түннің түрдірер,

Талабы таудай жаныңа жайлы жыр тілер.

Тіл менен таңдай арасын жарып шыққан үн,

Шектелген дүние белгісі барын білдірер.

Шектелген тірлік – ойыңды тұсап тұйықтап,

Тәкаппар табын тезіне салар иықтап.

Парасат – парқым, меңіреу мүсін мүлгиді,

Тірі өлік – таным, жан дүнием жатыр ұйықтап.

Жанымның жазы, көктемі, қысы, күзінен,

Кестелі ойлар, өрнекті өлең түзіп ем.

Құбылып тұрған кең заман көшіне ілестім,

Көз жазып қалмай Елшінің көркем ізінен.

Санаға – сенім, нәр алып қуат,күшіңнен,

Тіледім тілек, сәждеде жатып ішімнен.

Жаныма азық, сіңірдім бойға, санама,

Үлгіңді танып, атқарған амал, ісіңнен.

Өмірдің мәні құлшылық екен, білгенім,

Қалауың нұрлы, іздедім ізгі жыр кенін.

Көркем ой – көшет, амалым піскен жемісі,

Ақылым – көлік, желмаям жүйіткіп жүр менің.