133
Таңдаулы діни өлеңдер
Ақиқат таппай, Елшіге еркін ере алмай,
Шашуын шашқан маржанын мөлдір тере алмай.
Бұл дүние жалған деуменен күндер өтуде,
О дүние барын көзбенен анық көре алмай.
Әмірің келді, қалпымнан қалай өзгерем,
Ақиқат тапсам жазармын жанды өзге өлең.
Жолдасым – Иман, жолында жүрмін жақсының,
Тегімді таныр, көре алған көркем көзбенен.
Көрсем деп келем, білгенім бәлкім алдамас,
Шақырды шабыт, дегендей бейне алға бас.
Жайлауын жанның, талабын тәннің таба алсам,
Мәнгілік мәнді базарым, мүмкін, тарқамас.