129
Дүйсенбаев Ғарифулла Балаханұлы
Іле ауданы, Боралдай кенті,
Водник ықшам ауданы.
Шеберді шебер дегенше,
Алланышебер десейші
Шеберді шебер дегенше,
Аспан – жерді,
Алты күнде жаратқан.
Он сегіз мың ғаламға,
Шапағат Нұр таратқан.
Жоқтан бар ғып адамды,
Топырақтан жаратқан.
Қабырғасын сылып – ап,
Атамыздан – Хауа ананы жаратқан.
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Адам ата, Хауа анадан,
Сансыз ұрпақ таратқан.
Жер бетінің әмірін,
Тек адамға қаратқан.
Ай мен Күнді тудырып,
Уақытты санатқан.
Адам менен жындарды,
Құлшылық үшін жаратқан.
Оларды бір мерзімге,
Жер бетіне таратқан,
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Хабардар қылған біздерді,