131
Таңдаулы діни өлеңдер
Қақаған қысты келтірген.
Көктемнің жылы желімен,
Аязды қысты кетірген.
Сай – саланы жібітіп,
Табиғатқа жан бітірген.
Алланы шебер десейші.
Шеберді шебер дегенше,
Шын шеберді білсейші,
Жаратқанын Алланың,
Ақыл көзбен көрсейші.
Теңдесі жоқ, теңі жоқ,
Білімінің шегі жоқ,
Сипатының кемі жоқ,
Алланы шебер десейші.