Previous Page  121 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 121 / 256 Next Page
Page Background

121

Таңдаулы діни өлеңдер

Ақылыңмен мұны мүмін сарала,

Жаратқанға жеңіл-желпі қарама.

Алла берген аз өмірді қастерлеп,

Хақ жолына арнамасаң бола ма?

Бізге жеткен әл-Мисақтан бұл хабар,

Бір Аллаға серік қосып алмаңдар.

Мұсылманның мызғымайтын тірегі,

Үш нәрсе ғой: Алла, Құран, Пайғамбар.

«Үмбетім» - деп демі үзілген Пайғамбар.

Жазаланар діннен безіп тайғандар.

Күйкі тірлік - тіршілікке айланып,

Мәңгі-бақи өкініште қалмаңдар.

Адамзатта артық туған асыл жан,

Жамандықтан жақсылығын асырған.

Сенің ісің мінезің мен өнеге,

Пайғамбарым табыламын қасыңнан.