Previous Page  112 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 256 Next Page
Page Background

112

Аллаға мадақ

Алдамшы мынау фәниде,

Алдамшы қанша жұлдыз көп.

Пенденің ажал-көрмесі,

Ақырет – шындық көмбесі.

Қызықтап қана қайтатын,

Бұл фәни сынақ көрмесі.

Жар салған атын шығара,

Даңқтылар қанша дүбәра.

Ақындар жайлы Аллаһтан,

Сүресі түскен «Шұғара»!

Салғанда ғашық құлды отқа,

Айланған салқын құндаққа,

Ибраһимдердей құлдардан,

Жырымыз біздің қымбат па?

Әюуптердей құл қайда?

Шүкірлік,сабыр қылмай ма,

Ғашығы үшін жан берер,

Ғашықтар жырын бұлдай ма?!

Айқынды кейде айқыннан,

Қайырлы айтпау айтудан,

Өзгермесе еш не қайыр,

Атанып қажы қайтудан.

Жырларым-арым,зікірім,

Абайла нүкте,үтірін!

Хақ берген баға дей алман,

Қазы мен көптің пікірін.