110
Аллаға мадақ
Хош иісті гүл берген тамсандырып,
Жұдырықтай бұлбұлға ән салдырып,
Жұмыртқадан пайда боп балапандар,
Балдырғаның танытса сан-сан қылық.
Керек қылсақ әр түйір қар, құмыңда
Белгісі бар Алланың барлығында.
Тәубеге кеп үлгермей өтіп кетіп,
Өкінбейік қабірдің тарлығында.
Құлшылық қып Аллаға таңғы отырыс,
Қызық қуып соқтырған санды опық іс,
Өлшенеді бәрі де, оның соңы
Мәңгі бақыт немесе мәңгі өкініш.
Иман келтір кеш болмас күн бүгінгі,
Мүмкін ертең ашпауың түндігіңді.
Өлім тұр күтіп саған көрсетуге,
Шүбәланып жүрген сен шындығыңды.
Мойында Алла жалғыз екендігін,
Ораза, намазға бол бекем күнім.
Қажылық қыл, зекет бер дәулет жетсе,
Қараңғыда өтпесін бекер күнің.
... Уа Аллаһ, барлық мадақ өзіңе тән!
Кешірім берші күнә, сөзіме сан.
Қараңғыда жол таппай адасыппыз,
Көрсете гөр құлыңның көзіне таң!