93
Таңдаулы діни өлеңдер
Ниет қып, таңнан кешке тұтса ораза,
Жуылар үш бөлініп барлық жаза.
Жылы жүз, дұға, қайыр сәлеміңіз,
Пенделер, бір-біріңе әдебіңіз.
Тараған бір Адамнан ұрпақтарға,
Берілген шүкір басы, бұл бір мінез.
Ғылым іздеу, үйрену, үйрету де,
Нәсіп болса Әш-Шәкурден әлдекімге,
Нәпіл етіп өтеген көп амалдан,
Орасан сауабы зор, мұның мүлде.
Бола қалса сынақ күн тайталасы,
Шыдам, сабыр, ізгілік бастамасы.
«Сабыр түбі сары алтын»,— демеп пе еді?
Иман жиған қария, қарт ағасы.
Ысырап, ашкөздіктен болып ада,
Дұға етіп ән-Нафиден ізде пана.
Істеген әр әрекет болса халал,
Тақуа, мейрім жолы осы ғана.
Күпірлік, тәккәпарлық үмбетке жат.
Әл-Бари үкім еткен жолы бар қақ,
Көркем мінез, ізгілік бәрі осында,
Орындасаң, орнайды басыңа бақ.