88
Аллаға мадақ
Әлемге арнап өткен махаббатын,
Жарымжан мен жарлыға шапағатын.
Мақсатына жеткізген мүсәпірді,
Аяттарға арнаған әр сағатын.
Ол бейне пайғамбардың дүлдүлі еді,
Аллаһ нұрын таратқан бұлбұлы еді.
Жан сарайы шырақпен шырайланды,
Құранмен қуаттанған күн білегі.
Ол әуелде ерекше жаратылған,
Ананың құрсағынан дара туған.
Хикметтің тағына отырды ол,
Жер жаһанға сәуле боп таратылған.
Шалқып өмір сүруді қаламаған,
Жан түгіл жәндікті де қанамаған.
Аштықтың да азабын тартқан кісі,
Құл пайғамбар менмін деп алаңдаған.
Мекке халқы бағынған ұйып бірден,
Түбегейлі мақсатын түйіп берген.
Бейбіт жолды қалаған Хақ пайғамбар,
Түйе мініп басын ол иіп кірген.
Адамзат тарихының заңғар шыңы,
Ықыласпен көрінген барлық шыны.
Жан жүрегі таныды Жаратқанды,
Жүрген жолы хикмет, нұрдың тыңы.
Рас сөйле, орында уәдеңді,
Кішірейіп кетпейсің бұдан енді.