Previous Page  82 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 82 / 256 Next Page
Page Background

82

Нұрахмет Даният Оразұлы,

Алматы облысы, Жаркент қаласы,

Алмалы ауылы.

ШЕБЕРДІ ШЕБЕР ДЕГЕНШЕ

АЛЛАНЫШЕБЕР ДЕСЕЙШІ.

Тірексіз ғып тұрғызыпты аспанды,

Тылсым түннен атырыпты ақ таңды.

Өлшеусіз ғып жаратыпты жер бетін,

Топырақтан, судан құрап адамды.

Тіршіліктен тұтандырып ғаламды,

Таратыпты сынақ мынау заманды.

Табиғатпен ұштастырып панаңды,

Кезі келсе қайта өзі алады.

Көлді қойды құпиялы бір шетке,

Күн ысыса қайтатұғын ол көкке.

Құбылғанда ауа - райы тамшы боп,

Себелейтін сай-салада әр бетте.

Әр дүние, әр құбылыс орнымен,

Әрбір заман құдыретпен өңделген.

Шебер демей қалай ғана болады,

Қамқоршыны бұл пәниді көмкерген.

Сәуле шашып жарқыраған биікте,

Жылу берген тірі жанға киікке.

Барлық ғалам сағынышпен қалаған,

Күннің нұры емес пе осы тірлікте?!