Previous Page  58 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 58 / 256 Next Page
Page Background

58

Аллаға мадақ

Аллаһыма сәжде қылып бес уақыт,

Ақиқаттың ауылына беттедім.

Ғаріп басым ғибадаттан талмапты,

Бүгін, міне, тағы да өлең арнатты...

Шын туынды адамзатты жаратқан,

Ұлықта деп Ұлы Шебер Аллаһты!

Өсиет

«Тәңірім маған тоғыз өсиет айтып қалдырды,

мен оларды сендерге жеткіземін. Олар мыналар...»

Пайғамбар (с.ғ.с) хадисінен.

Адамбыз ғой адал жолмен бақ табар,

Атақ қалар, абырой да, тақ қалар.

Анау өмір арқамыздан қақпайды-ау,

Соны бір сәт түсінбей ме басқалар?

Адам өлер, амал қалар, ар қалар –

Себе білген тірлігіңде жанға нәр.

Бұл өмірді өзімізше сүрсек те,

Амалымыз ақыретке арналар.

Аллаһ берген ақиқаттан аспасақ,

Иман жиып, ибалы іс бастасақ.

Мұхаммедтің өсиетін орындап,

Пайғамбарлық парасатты сақтасақ.

Тоғыз амал, тоғысарлық бір арна,

Бұл өмірде адам мәңгі тұрар ма?!

Өсиетін пайғамбардың ақтасақ,

Жай табармыз кеудеден жан шығарда.

Жақсы мінез жүк болмайды саған түк,

Хақтан қорық, өмірдегі бағаңды ұқ.

Исламның ең алғашқы талабы –