61
Ынталандыру сыйлығының иегері
Серік Сейітман,
Алматы қаласы.
Бауырыма базына
Қарман деп құлға қол берген,
Жалған деп перзент-төл берген.
Құранды Көктен түсіріп,
Адаспай жүрер жол берген.
Сол жолдан неге айныдық?
Қамығам қатты қайғырып.
Хақ дінім кетті-ау бүгінде
Тармаққа талай айрылып.
Оқуға Құран, көз берген,
Айтуға уағыз, сөз берген.
Әуретің жабық жүрсін деп,
Барқыт пен бүліш, бөз берген.
Қараймын-дағы көп қызға,
Боламын бірден етқызба.
Жалаңаш тәнді сән етіп,
Ұяттан безген жоқпыз ба?!
Ішуге дайын ас берген,
Ойлауға ақыл-бас берген.
Бет бұрып, намаз оқы деп,
Кағбадай асыл тас берген.
Санамен көрсек ұғынып,
Алланың ісі – ұлылық.
Құбылаға қойдық жүз бермей,
Сайтанның суын сіміріп.