Previous Page  59 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 256 Next Page
Page Background

59

Таңдаулы діни өлеңдер

Өзіңе де, өзгеге де АДАЛДЫҚ.

Алдымыздан қол бұлғап тұр сағым жол,

Өмір – сынақ, өзгелердің жанын көр.

Бейбіт күнде туралықтан таймасаң,

Бұлдыр шақта басқаларға ӘДІЛ бол.

Ақыл айтып, көлгірсімен саған тым,

Бауырым-ау, сенсіз бар ма маған күн?!

Байлық емес, байсалдылық – ер бағы,

САБЫРлы бол, «сабыр түбі – сары алтын».

Біз, мұсылман, бір-біріне АЙНАмыз,

Ал бүгінде бағыт бұрдық қайда біз?!

Ағайынмен араздассақ тірлікте,

Ақыретте тие қоймас пайдамыз.

Пендеміз ғой, төземіз де сынаққа,

МӘРТтік жаса, ұнат мейлі ұнатпа.

Адамдарға асар қылу – мол сауап,

Ал «сараңдар кірмейді (екен) жұмаққа».

Өштескеннен, сірә, өспейді есімің,

Жауды сыйла, сынбас сонда бесігің.

Өмірдегі көркем мінез, келісті іс –

Өзгелерге деген іңкәр КЕШІРІМ.

Саналы адам ардан асып кетпейді,

Ілім жина, түнек қылмай текке үйді.

Үнсіз кезде үлгілі ОЙҒА ШОМЫП жүр,

Адамзатқа ақыл артық етпейді.

Аллаһ саған өмір берді үкілеп,

Тылсым сәтте тілімізбен бүтін ек.

Жаратқанға жағам десең, жамағат,

Аллаһты ЕСКЕ АЛ, асау тілмен зікір ет.

Адам үшін ақыл ғана жан азық,

Болашақты болжамайық бал ашып.

Бұл дүниеде жетем десең бақытқа,