55
Таңдаулы діни өлеңдер
Кім түсінген бұндай жанды көреген,
Сөз астары ауыр еді не деген?!
Тұла бойы тітіркенді, түршікті,
Қапелімде жай түскендей төбеден.
– Жо-жоқ, Нәби, «иә» дей алман өлсем де,
Тірі күйде мені жерге көмсең де.
Ол азғынды бауыздармын қолыммен
Қанды басым не қасірет көрсем де!
Жаңа ғана шамырқанып қалғандар,
Жүләйбибке сұсты көзін салғандар.
Істің мәнін енді аңғара бастады
«Ел де өзіңдей» деп түйгенде пайғамбар.
Иә, рас, ұят жүрсе жырақтап,
Кету оңай кім болсаң да ар аттап.
Мына отырған Жүләйбибтің іштегі
Демек, Нәби ар-ұятын оятпақ.
Шүкір етіп бойда намыс барына,
Қозғау салып азаматтық арына.
Бойын тіктеп, көзін қадап, Хақ Расул
Жөпелдеме сұрақ қойды тағы да:
– Әй, Жүләйбиб!
– Айтыңыз.
– Бірге туған әпке-қарындасың бар ма?
– Бар.
– Басқа біреудің олармен де зина жасағанын
қалар ма едің?
– Жоқ, әрине!
– Рас айтасың. Бұны ешкім де
жақындарына қаламайды.