57
Ынталандыру сыйлығының иегері
Серікбол Хасан,
Алматы қаласы
ҰЛЫШЕБЕР
Ол кезде біз оқушы едік... балғын ек,
(Ол кезде аңыз біздер үшін Арғы бет).
Қылатынбыз күнде-күнде білместік,
Тұратынбыз тақта алдында жәудіреп.
Ол кезде біз білмейтінбіз Хақ барын,
(Күнде-күнде жалған өлең жаттадық).
Көргеніміз – төрдегі анау көк жәшік,
Ермегіміз – доп қуалау шаттанып.
Дін жайында ұқпайтынбыз әлі біз,
(Біздер үшін Дарвин жалғыз сәніміз).
Ұстазымыз: «Бабаң кім?» - деп сұраса,
Бірауыздан: «маймыл»,- дестік бәріміз.
Қайтіп бұлай жүрекке иман бекиді,
Бұдан кейін кештік талай не күйді?
«Жаратушым жар бола көр!» - десем мен,
«Құдай жоқ!» - деп мұғалімім зекиді.
Ұстазыма не айтпақпын ақтала,
Олар үшін мен бір түрлі, жат бала.
«Ұлы ақын», - деп бастаса ағай сабағын,
Мен айтамын: «Ұлы – жалғыз Хақ қана».
Қол бұлғады сол бір қызық мектебім,
Адасқан күн әлі есімнен кетпедің.