Previous Page  53 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 53 / 256 Next Page
Page Background

53

Ынталандыру сыйлығының иегері

Құдайберді Бағашар,

Алматы қаласы.

Пайғамбарлық парасат

(тарихи шындыққа негізделген)

Хақ елшісі адамзатқа келгелі,

Дін исламның ақ уызын бергелі,

Ізгілікке мейірленді кәрі-жас

Ақиқатқа шөліркеген шөлдегі.

Әйел көрсе, есі кетіп аптығып,

Қу нәпсіні тежей алмай бас біліп,

Ел ішінде жаманатқа іліккен

Бар еді бір Жүләйбиб атты жас жігіт.

Гүл-иманын жүрсе-дағы тұмар ғып,

Тұла бойын билегенде құмарлық.

Есі кетіп, ойлай алмай алды-артын,

Аласұрып, тұра алмайтын шыдам ғып.

Опық жеді, қаншама рет өкінді,

«О, Жасаған, кешірші?» деп өтінді.

Тағы сондай бір құмарлық қысқанда,

Пайғамбарға жолығуға бекінді.

Сүйетін еді Әз елшіні жүрекпен,

(Көрген сайын ар-иманы дір еткен).

Сол себепті жақын тартып өзіне

Қысылмастан бара алатын тілекпен.