Previous Page  31 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 256 Next Page
Page Background

31

Ынталандыру сыйлығының иегері

Шәуейұлы Шаймұрат,

Алматы облысы,

Ақсу ауданы, Қапал ауылы.

Халиқтытану

қалауы

ақылымның

Лә иләһә иллаллаһ – тақсың, Алла,

Субханаллаһ уа бихамдик - пәксің, Алла.

Әлхамдулилләһ – мақтау мен алғыс тек саған,

Аллаһу-акбар – ұлықсың Алла.

Құлай сүйген бір құлмын бір Алланы,

Жүрегім мен сырды ұғып Құрандағы.

Махшар күні дидарын көрсем деймін,

Раббысына жетсе егер құл арманы.

Бар мақтаным – Аллаға құл болғаным,

Бар байлығым – иман мен нұрланғаным.

Бөлеген шетсіз-шексіз нығыметіне,

Болсын Алла жолыңа құрбан жаным.

Баянсызын түсініп бұл ғұмырдың ,

Ынтам ауып Аллаға құлдық ұрдым.

Аят-хадис, сүннеттен бастау алып,

Жұтқандаймын шырынын шын ғылымның.

Рақымы мол Раббым кешірімді,

Сүйдім әрбір мүбәрак есіміңді.

Құл сүйгіш құдіретті ғафур Алла,

Толтырғайсың кемістік кетігімді.