Previous Page  22 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 256 Next Page
Page Background

22

Аллаға мадақ

Ойын-сауық құрмастан,

Күндіз-түні еңбек еттім тынбастан.

Қолым жетті ағыл-тегіл байлыққа,

Тірі жанға еш қиянат қылмастан.

Мен осындай әлсіз халге түскен соң,

Айырылдым бір дос емес мың достан.

Біле алмадым, мүгедекті менсінбеу – бұл өмірдің

заңы ма,

Жара салып жаныма,

Жарым кетті жарым түнде сырласқан.

Ол түк емес.., Қызым кетті Қырымға,

Ұлым кетті Рұмға,

Әкесіне мойынын да бұрмастан.

Содан бері күліп өткен көздерімді мұң басқан,

Жүріп өткен іздерімді құм басқан.

Иә, иә, ЖАРЛЫМЫН!!!

Мен жарлымын жан таппаған түсінетін зар-мұңын.

Жаңа сездім кең дүниенің тарлығын.

Енді маған кім келіп жұбатуын айта алады,

Қайтарады кім осының барлығын?!.

– Жо-о-оқ, достым түңілме!

Бәрі жақсы болады ғой түбінде.

Алла өзі берер ертең есесін,

Ертең емес, берер бәлкім бүгін де...

Жалғыз сен бе биігінен құлаған,

Жаратқанның жұмағына жетеді, сынағына шыдаған.

Барлық адам бақытты емес бауырым,

Аяқ-қолы болғанымен дін аман.

Қанша бай жүр мұң сығып,

Шығын шықса шыбын жаны тұншығып.

Бақыт деген ендеше, БАЙЛЫҚ емес бауырым,