Previous Page  19 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 256 Next Page
Page Background

19

Өлеңдер топтамасы үшін

2-орын

Гүлнар Шәмшиева,

Қазақстан жастар одағы

сыйлығының лауреаты,

Алматы қаласы.

Қалайжетемін

Кәусар жағасы құлпырған бояу,

Бәрі ұйқыда, сен ғана ояу.

Сағыныш самалы тербелді баяу

Мұстафа, саған қалай жетемін?!

Аспанның асты айналды бүгін

Қылышы жырдың қайралды бүгін.

Көңілім дауыл, ойран-ды бүгін,

Мұстафа, саған қалай жетемін?!

Ғашықтық оты қақтады бүгін,

Жарылды жердің шакпағы бүгін.

Жұлдызым неге ақпады бүгін

Мұстафа,саған қалай жетемін?!

Жеріме түстім күрсініп қана,

Қайта құралдым, мың сынып жаңа.

Өксік-өкініш тіршілік тола,

Мұстафа, саған қалай жетемін?!