21
3-орын
Арман Бердалин
Ақмола облысы,
Көкшетау қаласы.
Жігер
«Біттім енді, құрыдым,
Қатал тағдыр құтылмастай салды маған құрығын.
Құласам да биіктен,
Жыласам да күйіктен,
Енді менің жамалмайды жыртығым,
бүтінделмес сынығым.
Кілтін іздеп ашық тұрған есіктің,
Бақытымнан құр қалып,
Уақытымнан кешіктім», -
деп күбірлеп отыр екен бір жігіт,
Ауласында мешіттің.
Әлгі адамға жақын барып бір адым:
«Неге сонша түңілдің, - деп сұрадым,
тағдырыңның көтере алмай сынағын
Қайғырардай мұншама?»
Сабыр етіп бір шама,
Айтшы досым қай биіктен құладың?
– Е-еһ, бауырым!..
Мені көрген мынау жұрт өтіп жатыр не демей,
Соқыр қоғам біз секілді мүгедекті елемей
Тастаған соң бар өмірден түңілдім,
Қара жерге шығып қалған кемедей.
Бар кезімде, бай кезімде қанша адам,
Жабысып еді кенедей.
Соның бірі қалмаған соң қасымда,
Қаусап қалдым қан жүрмейтін денедей.