15
Таңдаулы діни өлеңдер
Шеберді, шебер дегенше...
Серт бергендей тылсым әлем нәзік жібін үзбеуге,
Әр туынды мәжбүрлейді Жасаушысын іздеуге.
Теңдесі жоқ,тылсымы көп,жүйесі дөп бұл ғалам -
Алып кітап Жаратқанды таныстырар біздерге
Әрбір аспан бұл кітаптың жеке-жеке беттері,
Галактика бейне сөйлем сол сиқырлы беттегі,
Бар мазмұнды қамтыған бет «Жер шары »деп аталса,
Парақтардың парқы «Адам» рақым түскен көктегі.
Аспан деген шексіз әлем қарайықшы зерделеп,
Ай да, күн де, жұлдыздар да құламай тұр жерге кеп.
Тарыдай боп тарап кетпей тартылып тұр барлығы,
Бірі от боп, бірі газ боп, бірі тас боп дөңгелеп.
Кімдер мұндай кереметті «кездейсоқ» деп айтады?
Ақылдылар әлдеқашан аяттан-ақ байқады,
«Тұрып қара, көздеріңді бұрып қара бәрі бір,
Ақау таппай екі көзің кері қарай қайтады...»
Бізге берік бесік болған мекеніміз «Жер» деген
Сансыз жылдар күнді айналып бір кідіріп көрмеген.
Жанап күнге от боп жанып, әлде алыстап мұз болып,
Кетер деген кейбір ойлар келмепті ғой көлденең.
Әсерімен Жер Ананың бір қалыпты айланған,
Жаз бенен күз, көктем мен қыс бір-біріне байланған.
Жаздан кейін қыс боп кетпей, қыстан кейін
жаз болмай,
Көктемменен күз арқылы жаз бен
қысқа дайындалған.