13
Таңдаулы діни өлеңдер
Осы емес пе мен сендерден бір сатыға асқаным,
Мас боп қалды, өз үйіне жаңа апарып тастадым.
Уақытша болып жүрмін қазір оның сыңары,
«Пәлен» деген ықшам аудан, жүзінші үйде тұрады.»
Тұла бойым мұз боп кетті, сәйкестік пе, бұл қалай?
Тұрып кеткім келді орнымнан ары қарай тыңдамай.
Екі бетім нарттай жанып, ысып, шулап құлағым,
Сәл шыдадым, түк сездірмей аты жөнін сұрадым.
Сөйтсем іште ар-намысым көтермепті бекер бой,
Қор қылғаны туған менің қарындасым екен ғой.
Ол «сары қу» өртенгенім, күйгенімді білсін бе,
«Қайдан білдің аты-жөнін, сенде барып жүрсің бе?»-
Деді дағы қарқ- қарқ күліп қайта-қайта сұрады,
Шарасыздық шарлап алды, жан жүрегім жылады.
Қорғай алмай қарындасты намыс қалды тапталған,
Мен не дейін,жаңа ғана өз күнәммен мақтанғам.
Мен қатырған арудың да намысы тік құлады-ау,
Ол да мендей бір жігіттің қарындасы шығар-ау.
Шайтан болып көрінді де жан достарым қолдайтын:
«Ал, жігіттер, қайттым үйге, денсаулығым
болмай тұр...»
Сыртқа шықтым, өлгім келді, бұл өмірден түңілдім,
Ашуланып қарындасым тұрған үйге жүгірдім...