11
1-орын
Есқожаев Ермек Алтайұлы.
Құрманғазы атындағы Казақ Ұлттық
консерваториясының 3-курс студенті.
Зинақорға өсиет
Адам болып жаратылдық, басы бүтін бағалы,
Сол бағаға сай келе ме мына қоғам талабы?
Ер азамат «сері» болып,
Аяулылар «пері» болып,
Сол бағаның құны кеміп барады.
Демеймін мен бәрінің де рухы – жетім, құны – кем,
Серімін деп селкілдеген сезімсізден түңілем.
Орындаймын деп кері кеткен серіліктің талабын.
Дөп баса алмай, шоқ күйдірген табанын:
Баяндайын сол жігіттің тілімен:
Жігіт едік әрқашан да алшы тұрған асығы,
Кеудеде қан, бойда қуат, білекте күш тасыды.
Қарсы келіп алысқандар қалды тұрмай иленіп,
Бізді көрген кей мықтылар алыс жүрді именіп.
Енді ойланам: ер болсақ та білек күші тасыған,
Әңгімеміз өте арзан,исі шыққан,сасыған.
Жүректерде мейірім жоқ, қара дақтар қатқан нық,
Қарқ-қарқ күліп істеп жүрген күнәмізбен мақтандық.
Жәбірлейміз біреулерді, тіпті тонап, ұрамыз,
«Зина» еді мақтан етер ең сүйікті күнәміз.