4
Аллаға мадақ
таппай қиналатынын да көріп жүрміз. «Ән–көңілдің ажа-
ры» деп әнді сүйетін көңілдер қанша десеңізші! Байыппен
бақыласақ, табиғаттың өзі де әнге тұнып тұр. Тамшының
тырсылы мен бұлақтың сылдыры тыңдай білгенге тама-
ша әуен. Теңіздің буырқанып тасуы, жыршы құстардың
сайрап ән салуы да кісінің жан дүниесін рахатқа бөлейтін
керемет саз. Ән еш уақытта тоқтамайды. Себебі дұрыс
әуен, мазмұны терең саз адам табиғатының қажеттілігі.
Сондықтан қазақ әндеріне арқау болатын өлеңдердің
мазмұны тереңдесе деген тілегіміз бар. Міне, бұлардың
барлығы асыл дініміздің басқа қырларынан да өрістетіп,
өркен жаюына септігін тигізері анық. Ислам тек мешіт-
медресесімен, намаз, оразасымен ғана емес, ғылым-білім,
өнер, мәдениет, әдебиет секілді өзге салалар бойынша да
көркеюі тиіс.
Ал дінді өлең-жыр шумақтарымен толғау бүгін ғана
пайда болған дүние емес. Бұл бұрыннан келе жатқан
дәстүр. Ілгеріде өткен ақын-жырауларымыздың дін жай-
лы айтқан өлеңдері көп болған. Ал шығыс әдебиеті екі
бастан Аллаға ғашықтық тақырыбын қозғады. Өкінішке
орай, кешегі Кеңес үкіметі кезінде бұл игі үрдіс тоқтап
қалды. Сондықтан біз осы тоқырауға ұшырап қалған
жақсы дәстүрді қайта жандандыруды ниет еттік.
Мүшайра «Шеберді шебер дегенше, Алланы шебер
десейші», «Әз Пайғамбар Мұхаммед (саллаллаһу алейһи
уәсәлләм)», «Көркем мінез – көркіміз» деген үш тақырып
аясында өтті. Себебі бұл тақырыптар Исламның негізгі
мазмұнын қамтиды.
Мүшайрада көптеген ақындарымыз сынға түсті.
Орта мектептерде оқитын 7-11 сынып оқушылары мен
жоғарғы оқу орындарының студенттерінен бастап, қазіргі
әдебиетте салмақты орны бар танымал жазба ақындар мен