5
Таңдаулы діни өлеңдер
суырыпсалма айтыскерлерге дейін қатысып, өз өлеңдерін
бәйгеге қосты. Оларға Алла разы болсын дейміз.
Енді қоржынға түскен өлеңдер жайлы да айта кетелік.
Өйткені мүшайра қорытындысы жайлы және өздері
ұсынған өлеңдерінің жай-күйі туралы білгісі келген са-
уалдар өте көп болды. Бұл жерде екі мәселенің басын
ашып айтуымыз керек. Біріншіден, мүшайраға қатысқан
ақындардың деңгейі әр түрлі. Олардың арасында әдебиет
пен тілдің жайын керемет меңгерген тәжірибелі ақындар
да, дініміздің құндылықтарын біршама тереңдеу
білгенмен, өлең жазуды енді ғана бастап жүрген та-
лапкерлер де бар. Өлеңдердің арасында сыртқы пішіні
мен көркемдігі жоғары деңгейде болғанмен, мазмұны
төмендеулері де немесе діни мазмұны жоғары, бірақ фор-
масы келіспегендері де ұшырасып жатты.
Бірақ осындай жағдайда жиналған өлеңдердің
мазмұнына көбірек көңіл бөлінді. Өйткені мүшайраны
ұйымдастырып отырған Діни басқарма болғандықтан,
ондағы өлеңдердің мазмұнында шариғат жөнінен
олқылықтар болмауы тиіс.
Ал қолымыздағы жинаққа мүшайрада оза шауып
бәйге алған жүлдегерлердің өлеңдері мен мазмұны
терең, ұйқасы мен көркемдігі келіскен діни жырлар ғана
таңдалып алынды.
Өлеңдерді сараптаған қазылар алқасы өлеңдердің
мазмұны мен көркемдік шеберлігіне қатар көңіл бөле
отырып, жүлдегерлерді анықтады. Алайда жазылған
өлеңдердің шын бағасын Алла тағаланың өзі беретінін
ұмытпағанымыз абзал. Мақсат атақ-абыройға кене-
лу емес, Алланың разылығы болуы керек. Мүшайраға
қатысып, жүлдеге іліне алмағандардың сауабын Алланың
өзі беретіні сөзсіз.