Previous Page  127 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 127 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

127

рәкағат намаз оқитын еді. Және ол (ибн Омар) Алла

елшісі де (с.а.у.) осылай істейтін еді, деп, айтатын»

249

.

Имам Ән-Нәуауи өзінің «әл-Хұласасында» Әбу

Дәуідте риуаят етілген бұл хадисті Бухаридің шартына

сай «сахих», деп, бағалаған

250

. Бұл риуаяттан жұма

намазының алдында нәпіл немесе сүннет намазының

оқылатынын аңғарамыз.

Бухаридегі риуаятта Алла елшісі (са.у.): «Әрбір азан

мен қаматтың арасында (сүннет) намаз оқылады»

251

, –

деген. Басқа бір сахих хадисте: «Әрбір парыз намаздың

алдында екі рәкағат намаз оқылады»

252

, – деп, айтылған.

Ибн Хажар жұма намазының алдында оқылатын сүннет

намазға қатысты осы хадисті дәлел ретінде келтірген

253

.

Ендеше, жұма намазының уақыты кіргеннен кейін

Ханафи мен Шафиғи мәзһабындағыдай төрт немесе

өзге кейбір мәзһабтағылардай екі рәкағат сүннет намаз

оқып жатқан адамға «сенің мынауың бидғат», деп,

қарсы шығу, әсте, дұрыс емес

254

.

249

Мұхаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 1-том, 294-

бет. «Дарул-ихиаайт-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.

250

Әбу Закария Мұхитдин ән-Нәуауий, Хулаасатул-ахкаам фи муһимматис-

сунан уа қауааъидил-ислам, 2-том, 811-бет. «Муссисатур-рисала»

баспасы, Бәйрут, 1997 ж.

251

Сахихул-Бұхари. 1-том, 225-бет. «Дәру Ибни Кәсир баспасы», Бәйрут,

1987 ж.

252

Мұхаммед ибн Хиббан ибн Мұхаммед, Сахих ибн Хиббан, 6-том, 208-

бет. «Мүуссатур-рисала» баспасы, Бәйрут, 1992 ж.

253

Ибн Хажар Асқалани, Фатхул-Баари, 3-том, 351-бет.

254

Қ. Жолдыбайұлы, Дін мен діл-2.