Previous Page  122 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 122 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

122

Алайда, бүгінгі таңда «мәзһаб ұстанбаймын», деп,

өздерін сәләфи деп атап жүргендер осындай ұсақ

мәселелерді қайта-қайта қазбалап, жамағат арасына

іріткі салып жүр. Олар өздерінің тиіп-қашып оқыған

немесе жарым-жартылай естіген жартыкеш пайымын

асыл дініміздің нақ өзі, өзегі деп, жансақ ұғады.

Тар түсініктерін өзгелерге танып, басқаша түсінуге

болмайтын Құранның анық аяты немесе Алла елшісінің

нақты сүннеті, деп, біледі. Міне, сондықтан, олар

өздерінен өзгеше ойлайтындардың бәрін бидғатшы

көріп, оларға ту сыртын беретінін несіне жасырайық.

Шын мәнінде, олар діннің қыр-сырына қатысты түрлі

көзқарастың болатындығын қабылдамау арқылы

өздерінің нағыз бидғатшыға айналғандарын өздері де

сезбей қалады.

Бүгінде мешіттерімізде имамның жетекшілігімен

намаз соңында тәспі тартылып, жамағатпен бірге дұға

жасалады. Мұндағы мақсат – намаздан кейінгі зікір-

дұғаларды әлі дұрыс біле бермейтін кейбір жандарға

үйрету. Сондай-ақ, Алла елшісінің намаз соңындағы

зікір, дұғаларға қатысты маңызды сүннетін орындауға

аса мән бермей, елеусіз қалдыратындардың да қарасы

көп екенін айта кету керек. Сондықтан, имам дауыстап

тәспі тартуды өзі бастап, жамағаттың маңызды сүннетті

орындауына ықпал етіп жүр.

Кейбіреулер жамағатпен зікір тартып, дұға етуді

«бидғат» деп ойлауы мүмкін. Алайда, дінімізде бұған