Previous Page  118 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 118 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

118

намаз парызынан кейін немесе соңғы сүннеттен соң

орындалатындығына қатысты мәзһаб ғұламалары

арасында екі түрлі көзқарас бар. Алла елшісінің (с.а.у.)

зікір мен дұға етуді білдірген кейбір хадистеріндегі

«парыз намаздан кейін» деген сөзді негізге алған

ханафиден өзге мәзһабтарда парыз намаздан кейін

дереу зікір мен дұға айтылады. Ал, ханафи мәзһабының

ғұламалары Мүслімдегі Айша (р.а.) анамыздан риуаят

етілген:

«Алла елшісі (с.а.у.) намазда сәлем бергеннен

кейін (шамамен) тек «Аллаһумма әнтас-салаам уа

минкәс-сәлаам, тәбааракта иа зәл-жәлаали уал-

икраам» дейтіндей уақыт қана отыратын»

деген

хадисті, сондай-ақ сахихул-Бұхариде Умму Салама

(р.а.) анамыздан жеткені:

«Алла елшісі (с.а.у.) намазда

сәлем бергеннен кейін әйелдер тұрып кететін. Ал,

өзі аз ғана кідірістен кейін ғана орнынан тұратын»

240

сынды хадистерге қайшы келмеу жағын ескеріп, зікір

мен дұғаныдереу парыздан кейін емес, ақырғы сүннеттен

кейін жасау қажет деген тұжырымға тоқтаған. Себебі,

зікір мен дұғаны парыздан кейін дереу айтылатын болса,

жоғарыда Айша анамыздан риуаят етілген хадиске

қайшы болмақ. Яғни, намаздан кейін айту – сүннет.

«Аятүл күрсіні» немесе «Фалақ» пен «Нас» сүрелерін

оқу, 33 рет «сұбханаллаһ», 33 рет «Алхамдулиллаһ»,

33 рет «Аллаһу әкбар» және «Лә иләәһа иллаллаһу

уахдаһу лә шариика ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду

240

Сахихул-Бухари. 1-том, 296-бет. «Дәру Ибни Кәсир баспасы», Бәйрут,

1987 ж.