Previous Page  121 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 121 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

121

ханафи ғалымы ибн Ъабидин «Раддул-мұхтарда»

былай дейді:

«Зікірлердің парыз намаздың артынан

айтылатындығына байланысты жеткен хадистер

олардың сүннет намазынан бұрын емес, керісінше соңғы

сүннеттен кейін орындалатындығын білдіреді. Себебі,

сүннет намаздар парыз намаздың ажырамас бір бөлігі

һәм толықтырушысы. Сондықтан, парыз намаздың

соңғы сүннетінен кейін орындалған зікір, дұғалар да

парыз намазынан кейін орындалған болып саналады»

242

.

Сонымен қатар, ханафи ғалымдары ізгі амалдардың

артынан айтылатын дұға-тілектерің қабыл болу

мүмкіндігінің жоғары екенін ескере отырып, парыз

намазды соңғы сүннетімен бірге орындағаннан кейін

барып қана дұға-тілектің айтылғанын құп көрген.

Себебі, парыз бен соңғы сүннет қоса атқарылғанда

олардың маңызы арта түседі.

Байқағанымыздай, зікір мен дұғаны намаздың соңғы

сүннетінен кейін айтуға қатысты ханафи мәзһабының

қай жағынан алып қарасаң да иландыратын өз дәлелі

болғандықтан оған «бидғат», деп, немесе «сүннетке

қатысты нақты дәлелі жоқ», деп, асығыс «пәтуа» беру,

әсте, дұрыс емес. Төрт мәзһабтың бірін ұстанатындар,

әдетте, бір-біріне әрдайым құрметпен қараған. Әр

мәзһабтың өзіндік шариғи көзқарасы мен дәлелі

болғандықтан, бір-біріне түсінікпен қараған.

242

Ибн Ъабидин Мұхаммед Амин ибн Омар, Хашияту ибн Ъабидин

раддул-мұхтар ъала дуррул-мұхтар, 3-том, 424-бет. «Дарус-сақафати уат-

турас» баспасы, Сирия, Дамаск, 2000 ж.