Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
123
ешқандай тыйым жоқ. Себебі, белгілі бір істі бидғатқа
шығару үшін ол істің дінде ешбір негізі болмауы шарт.
Ал, намаздан кейін зікір айтуды және жамағатпен
дұға етуді шариғатымыз құптайды. Белгілі бір істі
жамағатпен істеудің сауабы мол екенідігі дінімізде
айтылған. Ендеше, жамағатпен тәспі тартып, дұға жасау
«дұға жасаңдар», «зікір айтыңдар», деп, көпше түрде
келген көптеген аят-хадистердің аясына кіргендіктен,
шариғатқа қайшы емес.
Тағы бір ескере кететін жайт, мешітте парыз
намазды оқығаннан кейін намаздың соңғы сүннетін
үйден оқу, әрине, шариғатқа қайшы емес. Алайда, үй-
жайымыз Алла елшісінің бөлмелері тәрізді мешіттің дәл
іргесінде болса, бір сәрі. Онда үйден оқудың еш айыбы
жоқ. Дегенмен, бірден жұмысқа кететінімізді ескерсек,
сүннет намаздарды мешітте оқығанымыз жөн
243
.
243
Қ. Жолдыбайұлы, Дін мен діл