Previous Page  126 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 126 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

126

Қадатадан (р.а.)

«Абдуллаһ ибн Мәсғұд (р.а.)

жұманың алдында төрт рәкағат және соңында

төрт рәкағат намаз оқитын еді»

247

дегені риуаят

етілді. Ибн Хажар Асқалани бұл хабарды «сахих»,

деп, бағалаған. Тіпті, Әбдіразақтың мұсаннафында

Ибн Масғұдтың жұманың алдында және соңынан төрт

рәкағат сүннет намаз оқуды бұйыратындығы риуаят

етілген. Ибн Масғұд Алла елшісінен (с.а.у.) жұма

намазының алдында және соңында сүннет намаздар

жайлы қандай да бір хадисті білгендігінен оқыған,

деп, батыл топшалауымызға болады. Алла елшісінің

ұдайы қасынан табылатын сахабаның жұма намазында

оқылатын сүннет намаздарына қатысты әдетін Ибн

Мүбарак, Сұфиянус-сәури сынды табиғиндер де ұстан-

ған

248

.

عن نَافِعٍ قال كان بن عُمَرَ يُطِيلُ الصلَّةَ قبل الْجُمُعَةِ وَيُصَلِّي بَعْدَهَا

رَكْعَتَيْنِ في بَيْتِهِ وَيُحَدِّثُ أَنّ رَسُولَ اِّ صلى الله عليه وسلم كان

يَفْعَلُ ذلك

Нафиътан риуаят етілді. Ол былай деді:

«Абдуллаһ

ибн Омар жұма намазының алдында намазды созып

оқитын. Ал, жұма намазынан кейін үйіне барып, екі

247

Әбу Бәкір Әбдіразақ ибн Һүмам әс-Санъани, Мұсаннафу Әбдіразақ,

3-том, 247-бет. «Әл-Мәктабул-ислами» баспасы, Бәйрут, Һижри 1403

ж.

248

Мұхаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 2-том, 401-

бет. «Дарул-ихиаайт-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.