Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
125
сүннет намаздары болатыны секілді жұма намазының
парызының да алдында және соңында сүннет намазы
оқылатыны айтылған
244
.
Имам ән-Нәуауи өзінің Мүслім сахихына қатысты
жазған «әл-Минһаж» атты түсіндірмесінде: «бесіннің
алдында оқылатын сүннет намазды жұманың алдында
да оқу – сүннет», – деген.
عن علي قال كان رسول الله يصلي قبل الجمعة أربعا وبعدها أربعا
Әлиден (р.а.):
«Алла елшісі (с.а.у.) жұманың
алдында және соңында төрт рәкағаттан намаз
оқитын еді»
дегені риуаят етілген
245
. Бұл риуаяттың
тізбегіне Хафиз Зәйнуддин әл-Ирақи «жәййд», деп, оң
баға берген
246
.
Сондай-ақ, Алла Елшісінің (с.а.у.) жанынан бір
елі ажырамаған ғалым сахаба Ибн Мәсғұдтың жұма
намазының алдында һәм соңында төрт рәкағат намаз
оқығандығы сахих жолмен риуаят етілген.
عن قتادة أن بن مسعود كان يصلي قبل الجمعة أربع ركعات وبعدها
أربع ركعات
244
Бадруддин Әбу Мұхаммед Махмуд ибн Ахмет әл-Ъайни, Ъумдатул-Қаари
шарху Сахихил-Бұхари, 5-том, 126-бет. «Дарул-фикр» баспасы, Бәйрут, 2005
ж.
245
Сүлеймен ибн Ахмет ибн Айуб Әбіл-Қасым әт-Табарани, әл-Мұъжамул-
әусат, 2-том, 172-бет. «Даарул-харамайн» баспасы, Каир. Һижри 1415 ж.
246
Зәйнуддин Әбул-фадл Әбдірахым ибн әл-Хұсейни әл-Ирақи, Торхут-
тасриб фи шархит-тақрииб, 3-том, 36-бет. «Дарул-кутубил-илмия»
баспасы, Бәйрут, 2000 ж.