Previous Page  119 / 136 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 119 / 136 Next Page
Page Background

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі

119

уа һуа алаа кулли шәйн қадиир» сынды дұғаларды айту

«Аллаһумма антас-салаам уа минкас-салаам, тәбааракта

иа зәл-жәлаали уал-икраам» дейтіндей мезгілден көп

уақытты алатындығы сөзсіз. Ал, Алла елшісі, Айша

анамыз жеткізгендей, парыз намазынан кейін шамамен

тек «Аллаһумма әнтас-салаам уа минкәс-сәлаам,

тәбааракта иа зәл-жәлаали уал-икраам» дейтіндей уақыт

қана отыратын.

Ендеше, Алла елшісі соңғы сүннеті бар парыз

намаздарынан кейін

«Аллаһумма әнтас-салаам уа мин-

кәссәлаам, тәбааракта иа зәл-жәлаали уаликраам»

дұғаларына шамалас қысқа зікірлерді айтқаннан

кейін орнынан тұратын да мешіттің бір бұрышындағы

бөлмесіне барып, намаздың соңғы сүннетін сонда

оқитын. Артынан жоғарыда келтірілген, айтылуы

ұзақ уақыт алатын зікір, дұғаларды оқитын. Ал, соңғы

сүннеті жоқ «таң» мен «екінті» намаздарында Алла

елшісі (с.а.у.) намаз оқып бола салысымен зікір айтып,

дұға ететін. Алла елшісінің:

«Кім де кім таң намазын

жамағатпен оқығаннан кейін күн шыққанша Алланы

зікір етіп отыратын болса, содан кейін екі рәкағат

намаз оқыса, толық қажылық пен ұмраның сауабын

алады. Толық, толық, толық»

241

,

– деген хадисі осы

айтқанымызды нақтылай түспек.

Тарқатып түсіндірер болсақ, «Алла елшісі (с.а.у.)

намазда сәлем бергеннен кейін тек «Аллаһумма әнтас-

241

Мұхаммед ибн Иса Әбу Иса әт-Тирмизи, Сунанут-тирмиз, 2-том, 481-

бет. «Дарул-ихиаайт-турасил-араби» баспасы, Бәйрут.