Жубайр бин Мутъим (р.а.) Алла елшісінің
Хайфта
тұрып:
نضّر الله عبدًا سمع مقالتي فوعاها ثمّ أدّاها إلى من لم يسمعها
فربّ حامل فقه لا فقه له و ربّ حامل فقه إلى من هو أفقه منه
«Менің сөзімді естіп, оны ұғынып, сосын естімеген
адамға жеткізген пендені Алла тағала нұрға бөлесін.
Кейде сөзді естуші оны түсінбейтін адамға, ал кейде
өзінен де артық түсінетін адамға жеткізеді», – деген сөзін
әңгімелейді
135
.
Өсиеттен өнеге
Молдадан сабақ алыңыз,
Иманды жақсы біліңіз,
Мен есіттім кітаптан,
Ғақыл, иман нұрмен тең.
Дулат Бабатайұлы
Мұхаммед пайғамбар
адамзатқа тура жолды на-
сихаттады. Оның әкелген нұры әлемді жарық етті. Көп
өтпей Ислам нұрының шуағы араб даласының әрбір
шаңырағына кірді. Дін нұрының сәулесін адам баласына
жаюдың ең маңызды тәсілі – мұсылмандар осы абыройлы
әрі сауапты істі өз мойындарына алуы.
Сондықтан да Пайғамбар
ең ұлық күні және ең
ұлық мекенде осы жауапты іс жайын тілге тиек еткен.
Сахабаларына: «Қатысушы (мұнда) жоқ адамға жеткіз-
сін» деу арқылы сахабалардың өздерінен кейін келетін
үмбетке жеткізуін аманат етіп тұр. Ол
сахабаларына:
135
Ибн Мажаһ, Хаким.
74
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР