Previous Page  71 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 71 / 80 Next Page
Page Background

Тек бір жағдайда ғана кісіге қарсы қару кезенуге рұқсат

етіледі. Ол кісінің өз өмірін, бала-шағасын және елін

қорғау үшін. Адам өзінің және жақындарының өміріне

қауіп төнген жағдайда қорғану мақсатында осындай ша-

расыз қадамға баруына болады. Басқа жағдайда адамның

жанын қиюға шариғат қарсы.

Құран кәрімде бұл жөнінде:

مِنْ أَجْلِ ذَلِكَ كَتَبْنَا عَلَى بَنِي إِسْرَائِيلَ أَنّهُ مَنْ قَتَلَ نَفْسًا بِغَيْرِ نَفْسٍ

أَوْ فَسَادٍ فِي الَْرْضِ فَكَأَنّمَا قَتَلَ النّاسَ جَمِيعًا

«Соның салдарынан Израил ұрпақтарына: кім кісі

өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған

біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды

өлтіргенмен тең деп жаздық...»

, – деген аят бар

130

. Осы

аят негізінде ғұламалар: «Әсілі – адам жанына ешбір

қастық етпеу», – деген қағида бекіткен.

Адам жанынан қадірлі нәрсе жоқ. Біреудің өміріне

қастық ету, оған қауіп төндіруге Ислам қатаң тыйым са-

лады. Мұндай қылмысқа барған адамға ауыр жаза бар

екендігі ескертіледі.

Алла тағала:

وَمَنْ يَقْتُلْ مُؤْمِنًا مُتَعَمِّدًا فَجَزَاؤُهُ جَهَنّمُ خَالِدًا فِيهَا وَغَضِبَ اهللُّ

عَلَيْهِ وَلَعَنَهُ وَأَعَدّ لَهُ عَذَابًا عَظِيمًا

«Кім бір мүмінді нақақ өлтірсе, жазасы мәңгілік

тозақ болады. Сондай-ақ, оған Алланың ашуы,

қарғысы тиеді, оған зор қинау әзірленген»

, – деп әмір

еткен

131

.

130

«Маида» сүресі, 32-аят.

131

«Ниса» сүресі, 93-аят.

71