Previous Page  66 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 80 Next Page
Page Background

«Рас аманатты (дінді) көктер мен жерге және

тауларға ұсындық. Сонда олар оны қабылдаудан бас

тартып, одан қорықты. Оны адам баласы мойнына

алды. Өйткені, ол өте залым, тым білімсіз»

, – деген аят

бар

116

.

Осы аятта Алла тағала адам баласын өзіне зұлымдық

етуші және өте надан деп суреттеген. Бұлай ай-

туы адамзаттың өз мойнына аманатты арқалауынан

емес. Керісінше, аманатты арқалау үлкен абырой

және қасиеттілік. Осындай жауапты міндетті мойны-

на алғанымен қиянатқа жол бергендіктен, адам баласы

Құранда осылайша сипатталып тұр.

Қазіргі таңда мұсылмандар арасында аманатқа қиянат

ету белең алды. Ата-ана бала тәрбиесіне, бала әке-шеше

ақысына, басшы қол астындағы қызметкерлеріне, ал олар

өз жұмыстарына қиянат етуде. Жауапкершілігі аса мол

бұл міндетке үмбет ерекше мұқият болуы үшінМұхаммед

Мұстафа

соңғы насихаттарында аманатшыл болу-

ды ескерткен. Сондай-ақ, дінімізден ең әуелі жоғалатын

жақсылық та аманат екенін айтып сақтандырған. Бұған

қатысты хадисте:

أوّل ما تفقدون من دينكم المانة

«Сендер діндеріңнен ең бірінші жоғалтатын қасиет

аманат», – деп сақтандырған

117

.

Пайғамбарымыздың

сырласы Хузайфа ибн Йаман

(р.а.) аманат жайлы: «Алла елшісі

екі сөз айтқан еді.

Айтқан сөздерінің бірі орындалды, мен куә болдым. Екін-

ші сөзі аманат жайлы еді, соны күтудемін. Ол кісі

: «Кісі

116

«Азхаб» сүресінің 72-аят.

117

Хаким.

66

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР