бөліп-жармауды насихаттайды. Пайғамбарымыз
Ба-
шир әл-Ансариге өз балалары арасында бірін басқасынан
артық көрмеу керектігін айтып:
اتّقوا الله واعدلوا بين أولادكم
«Алладан қорқыңдар, балаларыңның арасында әділ
болыңдар», – деп насихат еткен
110
. Әке-шеше балалары-
на деген мейірімділік пен сүйіспеншілікте ешқайсысын
бір-бірінен бөліп-жармай тең қарауы тиіс. Бұл тіп-
ті, перзенттердің бетін сүюде де қажетті талап. Ислам
бала тәрбиесінің ішінде қыз баланың тәрбиесіне ерекше
мән беру керектігін және қызына жақсы тәрбие берген
мұсылманды үлкен сый күтіп тұрғанын сүйіншілейді.
Пайғамбарымыз
:
من أبتلي من هذه البنات بشيئ, فأحسن إليهنّ, كنّ له
سترًا من النار
«Кімде-кімнің қызы болса, ол қыздарына жақсы
тәрбие берсе, сол қыздары оған тозақтан перде болмақ»,
– дейді.
Ал, Әнас ибн Мәлик (р.а.) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз
:
من عال جاريتين حتى تبلغا جاء يوم القيامة أنا و هو كهاتين, و
ضمّ أصابعه
«Кімде-кім екі қызды бой жеткенше бағып-қағып
өсірсе, қиямет күні ол кісі және мен мына екі саусақтай
жақын тұрамыз»
111
, – деп сүйіншілеген.
110
Муттафақун алейһи.
111
Мүслим
63
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР