Имран ибн Хусайн (р.а.): «Сендердің ең жақсыларың
менің заманымдағыларың, сосын олардан кейін келетін-
дер заманы, сосын олардан кейін келетіндер заманы.
Олардан соң куәлік беріп, куәлігін мойындамайтын және
қиянат етіп, аманатында тұра алмайтындар заманы ке-
леді...», – деген риуаят бар
122
.
Аманатшылдық мұсылманмен өмір бойы бірге бола-
тын мінез. Бұл аса маңызды қасиет. Шынайы мұсылман,
тіпті, қиянатшыл адамға да аманатшылдық көрсетуі кере-
ктігін пайғамбарымыз
ескерткен.
Хадисте:
أدِّ المانة إلى من ائتمنك و لا تخن من خانك
«Аманат табыстағанның аманатын толық орында. Ал,
саған қиянат етсе, сен қиянат етпе», – деп насихат етілу-
де
123
.
Ал, қиянатшылдық – екіжүзділердің белгісі. Алла
елшісі
: «Мұнафықтардың белгісі үшеу: сөйлесе өтірік
айтады, уәде берсе бұзады, ал аманат тапсырылса оған
қиянат етеді», – деген. Тағы бір риуаятта: «Тіпті ораза
тұтып, намаз оқыса да, оны мұсылман деп ойласа да», –
дегені бар.
Омар ибн Хаттаб (р.а.): «Сендерді кісінің дабыра
қаққаны таң қалдырмасын. Аманатын орындайтын және
адамдардың ар-намысына тиіспейтін адам нағыз азамат»,
– деген
124
.
122
Мұттафақун алейһи.
123
Әбу Дәуіт, Тирмизи.
124
Байһақи, Кубра.
68
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР