ұйықтап жатқанда аманат жоғалады. Аманаттың белгісі
домалап келіп кісі аяғына тиіп, жан-жағын жарық еткен-
дей, бірақ еш нәрсе байқалмайтын кішкентай бір шоқ
сияқты болады. Адамдар: «Пәлен руда аманатшыл кісі
бар», – дейтін болады. Жұрт оны: «Қандай ақылды, нет-
кен данышпан, қандай күшті», – деп жатады. Бірақ оның
жүрегінде титтей де иман болмайды», – деп еді
118
.
Аманатқа қиянат етпеу – ердің ісі. Бұл мұсылманның
жүрегі екіжүзділіктен таза екендігінің белгісі. Аманат-
шыл болу – Алла тағаланың әмірі:
إِنّ اهللَّ يَأْمُرُكُمْ أَنْ تُؤَدّوا الَْمَانَاتِ إِلَى أَهْلِهَا
«Негізінен Алла тағала сендерге аманаттарды өз
лайықты орнына тапсыруларыңды әмір етеді...»
, –
делінген
119
.
Аманатшылдық – мұсылманның ізгі қасиеттерінің
бірі. Пайғамбарымыз
:
لا إيمان لمن لا أمانة له
«Аманатшыл еместің иманы кәміл емес», – дейді
120
.
Алла құлдарының иманы ең кемелі пайғамбарлар екені
даусыз. Олардың әрбірі өз үмбетіне:ٌ
إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِين
«Расында мен сендерге аманатшыл елшімін»
, – деп
айтқан
121
. Ең маңыздысы бұл қасиет асыл дініміздің ал-
тын ғасыры өкілдерінің бойынан табылатын.
118
Муттафақун алейһи.
119
«Ниса» сүресі, 58-аят.
120
Табарани, Ибн Хиббан.
121
«Шұғара» сүресі, 107-аят.
67
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР