бассыздық пен қантөгістерді ескерткен. Мына бір хади-
сте: «Білім (араларыңнан) алынбайынша қиямет-қайым
болмайды. Және де жер сілкінісі көбейеді, уақыт қысқара
түседі (уақыт тым қысқа көрінеді және берекесіз болады),
бүлік жайлайды, толқулар көбейеді. Ол қан төгу, өлтіру»,
– деп айтылған
127
. Ал, Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен ха-
дисте:
لا تقوم الساعة حتى يكثر الهرج. قيل: و ما الهرج يا رسول الله؟
قال: القتل القتل.
«Толқулар көбеймейінше қиямет-қайым болмайды»,
– деді. Сонда біреу: «Уа, Алла елшісі! Толқу деген не?» –
деп сұрады. Пайғамбар: «Қан төгу, өлтіру», – деп жауап
берді», – делінген
128
.
Пайғамбарымыз
:
و الذي نفسي بيده ليأتينّ على الناس زمان لا يدري القاتل في
أيّ شيء قتل, و لا يدري المقتول على أيِّ شيء قُتِلَ. فقيل:
كيف يكون ذلك؟ قال: الهرْج.
«Шыбын жанымды уысында ұстаған құдіретпен ант
етемін, адамдардың басына өлтіруші не үшін өлтіріп
жатқанын білмейтін, ал өлген адам не үшін өлтірілгенін
білмейтін заман келеді», – деді. Сонда: «Бұл қалай бола-
ды?» – деп сұрады біреу. Пайғамбар
: «Толқулар», – деп
жауап берді»
129
.
Адам баласын өлтіру – күпірліктен кейінгі ең үлкен
күнә. Кісі өлтіру ешбір нәрсемен ақталмайтын қылмыс.
127
Мұттафақун алейһи.
128
Мұттафақун алейһи.
129
Муслим.
70
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР