Previous Page  76 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 80 Next Page
Page Background

соң да ерекше ардақ тұту. Сүннетін білу, оған амал ету

және басқаларға да үйрету.

Мұсылман басшыларға қатысты насихат: Басшыларға

ақиқат жолында жәрдемші болу, оларға бағыну, елдің

мұң-мұқтажын жеткізу, жұмсақтық және әділдікті наси-

хат ету. Мұсылман басшылар – адамдардың дүниеуи ісін

жүйелеуші басшылар мен діни басшылар. Демек, патша,

әмірлер, басшылар мен ғұламаларды қамтитын сөз.

Жалпымұсылмандарға насихат: Мұсылмандардың екі

дүниесіне де пайдалы амалдарға жол сілтеу. Оларға зиян

тигізбеу, білмейтіндерін үйрету. Жақсылыққа шақырып,

жамандықтан тыю.

Дін насихаты барлық мұсылманға ортақ парыз. Әркім

шама-шарқынша бұл іске өзіндік үлесін қосуға міндетті.

Пайғамбарымыз Мұхаммед

بلِّغوا عنّي و لو آية

«Менен бір аят болса да жеткізіңдер...», – деген. Де-

мек, дін насихаты тек ғұлама-ғалымның және имамның

міндеті емес.

Мұнда мынадай бір мәселе бар. Хадистегі «аят»

сөзінің мағынасы – нақты дәлел, анық жайт. Демек, діннің

бір мәселесін ғалым немесе имамнан бүге-шігесіне дейін

анық үйреніп алып, оған амал еткен соң, діндес бауырларға

сол амалды насихаттау деген ұғымға саяды. Не болмаса

діни сауалға жауап іздеген адамды діндарларға сілтеп жі-

беру қажет.

Ал, дінді үйрету, оны ғылым ретінде зерттеу ғұлама-

ғалымдар иығына жүктелген жауапкершілік. Құранда:

وَلْتَكُنْ مِنْكُمْ أُمّةٌ يَدْعُونَ إِلَى الْخَيْرِ وَيَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ

عَنِ الْمُنْكَرِ وَأُولَئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ.

76

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР