«Сендер естудесіңдер, кейін сендерден еститін болады
және сендерден естігендерден басқалар естиді», – деп ай-
тушы еді.
«Дінді жеткізу» деген сөздің ұғымы
Дін – насихат. Жақсылыққа шақыру және жамандық
атаулыдан адам баласын тыю парыз. Тәмим әд-Дәри (р.а.)
риуаят еткен хадисте:
الدين النصيحة, قالوا: لمن يا رسول الله؟ قال: لله, و لكتابه, و
لرسوله, و لئمّة المسلمين, و عامّتهم.
«Дін – насихат. Сахабалар: «Уа, Алла елшісі! Кім
үшін?» – деп сұрады. Пайғамбар
: «Алла тағала, кітабы,
елшісі, мұсылман басшылары және жалпы мұсылмандар
үшін», – деп жауап берген»
136
.
Алла тағалаға қатысты насихат: Алла тағалаға иман
ету, серік қоспау, кемел сипаттарымен атау, мінсіздігін
айтып ұлықтау, әміріне бағыну, тыйым еткен амалдардан
аулақ болу, Алла тағалаға бойұсынғандарды дос, қарсы
шыққандарды қас тұту. Шын мәнінде, бұл амалдардың
барлығында пенде үшін жақсылық бар.
Кітабына қатыстынасихат: ҚұранАлла тағаланың сөзі
деп иман ету. Құран халал дегенді халал, харам дегенді
харам деп қабыл алу. Иләһи кітапта көрсетілген тура жол-
ды ұстану. Құранды мәнерлеп оқу, мағыналарына терең
бойлау, айтылған уағызы мен ғибратына құлақ түру.
Елшісіне қатысты насихат: Пайғамбарды мойындау,
әкелген шариғатын қабылдау, әміріне бағынып, ерекше
құрмет ету. Пайғамбарды көзі тірісінде де, қайтыс болған
136
Бұхари, Мүслим, Тирмизи.
75