Previous Page  65 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 65 / 80 Next Page
Page Background

Өсиеттен өнеге

...Бір жаныңыз Құдайдың,

Құдіретіне аманат.

Алланың берген нәсібін,

Азды-көпті болса да,

Етіңіздер қанағат.

Пенде болсаң Құдайға,

Аманатқа, жарандар,

қылмаңыздар қиянат!

Қаблиса жырау

Аманат – шариғат ұғымында кең ауқымды қамтитын

түсінік. Тереңмағыналысөз. Аманат біз ойлаған түсініктен

әлдеқайда ауқымды ұғым. Имам Құртуби:َ

وَالّذِينَ هُمْ لَِمَانَاتِهِمْ وَعَهْدِهِمْ رَاعُون

«Олар – аманаттарын, уәделерін қорғаушы»

115

аятының тәпсіріне қатысты: «Аманат және келісім:

адамның діни және дүниеуи істерін қоса қамтиды. Бұл

сөзге де, іс-әрекетке де қатысты. Бұл ұғымдар адами

қарым-қатынаста жалпылама қолданылады. Уәде беру

және тағы басқалары. Аманаттың мақсаты – оны сақтау

және толық орындау», – деген.

Аманатты жауапкершілігінің ауырлығынан, аспан

мен жер және таулар мойынға алудан бас тартқан. Бұл

жайында Құран кәрімде:

إِنّا عَرَضْنَا الَْمَانَةَ عَلَى السّمَاوَاتِ وَالَْرْضِ وَالْجِبَالِ فَأَبَيْنَ أَنْ

يَحْمِلْنَهَا وَأَشْفَقْنَ مِنْهَا وَحَمَلَهَا الِْنْسَانُ إِنّهُ كَانَ ظَلُومًا جَهُو

115

«Мүминун» сүресі, 8-аят.

65