Previous Page  62 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 62 / 80 Next Page
Page Background

«Алмақтың салмағы бар» дегендей, шариғатта міндет

пен құқық қатар жүреді. Бұл отбасылық қарым-қатынасқа

да қатысты. Мұғауия ибн Хайда (р.а.): «Уа, Алла елшісі!

Әйеліміздің біздегі ақысы не?» – деп сұрады. Пайғамбар

: «Егер тамақтансаң, әйеліңе де тамақ беру, киім кисең,

әйеліңе де киім алып беру, әйелдің бетінен ұрмауға және

балағаттамауға, ренжіскен жағдайда төсекте бөлек жат-

пай, арқаңды беріп жатуға (міндеттісің)», – деп айтылған

сөздері соның дәлелі

108

.

Күйеуі мен әйелінің ара-қатынасы жақсылыққа не-

гізделеді. Ал, бір шаңырақ боп өмір сүру мүмкін емес

болған жағдайда, жақсы жолмен ажырасу керектігі де

Құранда айтылған.

«Әй, мүміндер! Сендер үшін әйелдерге зорлықпен

мұрагер болуларың халал емес. Және бергендеріңнің

бір бөлімін алып қалу үшін оларды қинамаңдар.

Бірақ олар ашық арсыздық істесе басқа. Сондай-

ақ, олармен жақсы шығысыңдар. Егер оларды жек

көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде

Алланың көптеген хайыр жасап қойған болуы мүмкін.

(яғни, әйелдің келбеті, мінезі сендерге жек көрінсе де

шығысыңдар, басқа түрлі хайыр болуы мүмкін)»

109

.

Әйел – ата-ананың перзенті. Қыз да ата-ананың ұл

сияқты бауыр етінен жаралған баласы. Қыз балаға жақсы

қарау пайғамбарымыздың

өсиеті. Ғасырлар бойы

көптеген қоғамда адамдар ұл перзентке қуанып, ал қыз

бала туылса, керісінше ренішпен қабылдайтын болған.

Ұл баланы қыздан артық санаған. Ал, дініміз перзентті

ұл және қыз деп бөлмейді. Қала берсе, балалар арасын-

да киім-кешек және ойыншық пен сыйлық алып беруде

108

Әбу Дауд.

109

«Ниса» сүресі, 19-аят.

62

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР