Previous Page  59 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 80 Next Page
Page Background

ра бірде уысына түседі, бірде қашып құтылып жатады.

Күйеуімен бірге отбасын асырау үшін шаршап-шалдығып

шамасы келмейтін ауыр еңбек етуге мәжбүр. Неме-

се қартайған шағында масыл болмасын деп, безбүйрек

балаларының қамқорлығынан мақұрым қалып, қарттар

үйін паналауға мәжбүр болып жатады. Әдетте, мұндай

қарт ананың хал-жағдайын балалары ешуақытта

сұрамайды.

Әйел – ана. Ал, ата-анаға мейірімділік ету – Алла

әмірі. Құранда Алла тағаланың бірлігін мойындау па-

рызымен қоса ата-анаға жақсылық ету қатар айтылған.

Бұл аятта:

وَقَضَى رَبّكَ أَالّ تَعْبُدُوا إِالّ إِيّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا إِمّا يَبْلُغَنّ

عِنْدَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِالَهُمَا فَالَ تَقُلْ لَهُمَا أُفٍّ وَالَ تَنْهَرْهُمَا

وَقُلْ لَهُمَا قَوْالً كَرِيمًا. وَاخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ الذّلِّ مِنَ الرّحْمَةِ وَقُلْ

رَبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبّيَانِي صَغِيرًا.

«Раббың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-

шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер

ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке

жетсе «түһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, ол екеуі-

не зекіме, қайта сыпайы сөз сөйле. Екеуіне кішірейіп

мәрхамет құшағын жай да: «Раббым! Мені кішкен-

тайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе

бөлей көр», – де»

101

, – деп ата-анаға деген мейірімділіктің

жоғары үлгісін көрсеткен.

Әбу Бәкір ибн Араби әл-Малики «Ахкам Құран» кіта-

бында осы аяттың тәпсірінде: «Ата-анаға жақсылық – дін

негіздерінің бірі. Ата-анаға жақсылық – сөзбен және іс-

әрекетпен болмақ», – дейді.

101

«Исра» сүресі, 23-24-аяттар.

59

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР